01 шілде 2014 09:21

Неміс ханшайымына бір қауымды кемсіткені үшін айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теодора Зайн-Витгенштайн сотқа парикпен келді. Фото: sky.com Теодора Зайн-Витгенштайн сотқа парикпен келді. Фото: sky.com

27 жастағы неміс ханшайымы Теодора Зайн-Витгенштайнға бүтін бір қауымға қоқан-лоқы көрсетіп, қамауға алуда қарсылық танытқаны үшін бір мың фунт (1700 доллар) көлемінде айыппұл салынды деп хабарлайды  "Lenta.ru."


27 жастағы неміс ханшайымы Теодора Зайн-Витгенштайнға бүтін бір қауымға қоқан-лоқы көрсетіп, қамауға алуда қарсылық танытқаны үшін бір мың фунт (1700 доллар) көлемінде айыппұл салынды деп хабарлайды  "Lenta.ru."

Теодора Зайн-Витгенштайн биылғы жылдың наурыз айында ұсталған болатын. Атақты St Andrews университетінің студенттер кешінде ежелгі аристократтық тектің өкілі өзінің киімін шешуге тырысып, осылайша айналасындағыларды әжуалап, шақыру түсумен келген полицияларға қолын ала жүгіріп біртүрлі қылық көрсеткен. Қыз гомосексуалдар туралы жаман сөздер айтып, баршаны мұсылмандарды қырып тастауға шақырған.

Сотта Теодора Зайн-Витгенштайнның қорғаушысы ханшайымның жемсауы ауыратынын, осы науқасы оның жат әрекет танытып, жаман сөздер айтуға ықпал ету мүмкіндігін мәлімдеген. Адвокат өз қорғауындағы қыз "бұл қылығымен бүкіл үлгілі әулетке күйе жақты" деп отыр. Заңгер Теодора Зайн-Витгенштайннің "халықаралық қатынас" мамандығы бойынша дипломы бар екенін және соңғы кездері Иорданияда тұрғанын, ол жақта "Таяу Шығыс мәдениетімен достасып үлгергенін де" жеткізді. 

Ханшайым болса, өзін кінәлі сезініп отырған жоқ. Ол сотқа баспасөз өкілдерінің көзіне түсіп қалмас үшін қара түсті жасанды шаш киіп келген. Сотқа қызды әкесі, ханзада Людвиг ертіп әкелген. Ол баспасөзге мәлімдеме беруден түбегейлі бас тартқан.

Зайн-Витгенштайн атты неміс тегі алғаш 1079 жылдары тіркелген құжаттарда көрініс табады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети