Неміс жігіт бұрынғы сүйіктісінен ерекше жолмен кек алды

19 Маусым 2015, 09:39
0
Неміс жігіт бұрынғы сүйіктісінен ерекше жолмен кек алды - © EBay.de
© EBay.de

Германиялық белгісіз ер адам бұрынғы сүйіктісінен ерекше жолмен кек алды. Құрбысымен ажырасып кеткен ол екеуіне ортақ заттарды екіге бөліп, өзіне тиесілі бөлігін eBay интернет-аукционындағы парақшасына сатылымға қойды, ал қалған бөлігін бұрынғы ғашығына жолдады, - деп хабарлайды news.com.au

Ер адам төсек, орындықтар, ойыншық, күйтабақ, велосипед, теледидар, iPhone 5, ноутбук, мотоцикл каскасы, тіпті автомобильді де қақ ортасынан бөліп тастады. Ол өзінің іс-әрекетін видеоға түсіріп алған. Кейін "Лаура үшін" деген атаумен YouTube сайтына жүктеді.

 

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай