Николай Басков қазақ тілін үйреніп жүр

06 Сәуір 2015, 15:14
0
Николай Басков қазақ тілін үйреніп жүр - @Depo.ua
@Depo.ua

Әнші Николай Басков Астанаға келер алдында қазақ тілін үйреніп жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ресейлік "Муз-ТВ" телеарнасының директоры Арман Давлетьяров жыл сайынғы "Муз-ТВ" музыкалық жүлдесінің жеңімпаздарын марапаттауға арналған рәсімнің алдындағы брифингте айтты.

Музыкалық марапаттарды тапсыру рәсімі 5 маусым күні Қазақстан елордасында  "Астана-Арена" стадионында өтеді. Концертке қатысатын ресей жұлдыздарының ішінде Николай Басков та бар.

"Кеше біз қазақстандық арналардың бірінде бағдарламаға бірге түстік. Сол кезде Николай Басков қазақ тілінде бірнеше сөйлем айтты. Сіздер оны жақын арада естисіздер: "Астанаға барамын, өлеңді айтамын, қазақтарға күйеу-бала боламын". Айта кетейік, Николай Басковтың әйелінің отаны Қазақстан екен. Ол Талдықорғанда дүниеге келіпті. Мен бұл туралы жақында білдім", - деді Арман Давлетьяров.

Айта кетейік, жыл сайынғы музыкалық жүлденің ұйымдастырушылары Қазақстаннан бес үміткердің бар екенін атты. "Жылдың үздік әншісі" номинациясына үміткерлер: Жанар Дұғалова, Қайрат Нұртас, Нұрлан Абдуллин, МузАРТ тобы мен Әли Оқапов.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай