06 мамыр 2014 13:43

Nomads ойынында кез келген адам қазақ батыры бола алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©e1.ru ©e1.ru

Бүгін Астанада Nomads атты алғашқы қазақстандық онлайн ойыны таныстырылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі. 


Бүгін Астанада Nomads атты алғашқы қазақстандық онлайн ойыны таныстырылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі. 

Ойын көшпелі халықтардың тарихы мен салт-дәстүрлеріне негізделген. Оған кірген кез келген адам батыр болып, өз әскерін жинай алады. "Ал ойынның деңгейлеріне келер болсақ, геймер алдымен сарбаз болады. Одан кейін жауынгер, жүзбасы, мыңбасы болып, сатылап көтерілуі тиіс. Сөйтіп, бір әскерді басқарып, жауға шаба алады", - дейді жоба авторлары.

Ойында қазақтардың нақты жаулары көрсетілмеген. "Маған шабуыл жасағандар жау болып саналады. Мен әскерді жинап, оларға қарсы шығамын", - дейді KazBusinessMedia қоғамдық қорының басшысы Асқар Омаров. Оның ішінде әрбір рудың батырын бөлек таңдауға болады. Осы орайда журналистердің "Бұл жастар арасындағы трайбализмді ушықтырып қоймай ма?" деген сауалына жоба жетекшілері: "Жоқ, қазір біз өркениетті мемлекетте өмір сүріп жатырмыз ғой. Жастар ондайға бармайды деп ойлаймыз", - дейді олар. 

А.Омаровтың айтуынша, екі ай бұрын әлеуметтік желілерге ойынның қанатқақы нұсқасы салынған болатын. Сол кезде Башқұртстанның геймерлері оның өзіндік нұсқасын әзірлеуге ниет білдірді. Болашақта ол қырғыз және өзбек тілінде шығып қалуы әбден мүмкін. Әзірше, ойын қазақ және орыс тілінде әзірленіп отыр. Түркі академиясы да осы бастамаға қызығушылық танытып, батырлардың тарихи образын құрастыруға көмектесеміз деп отыр. Оған белгілі ғалымдар қатысатын көрінеді.  

Бүгінде ойында көшпелі халықтардың найзалары, қанжарлары, қылыштары, қалқандары, шоқпарлары және тағы басқа қару-жарақтары бар. Оны таңдап соғысқа аттануға болады. Ойынның басты бір ерекшелігі - фэнтезидің аздығы. Жоба авторлары барлығын шынайы түрде жасап шығуға тырысты. Ал "Шежіре" деген бөлімде қазақ жастары өзінің ата-тегін біліп, оған қатысты қосымша ақпаратты қалдыра алады. Сондай-ақ "Даңқ залына" кіріп, белгілі батырлардың өмірбаянымен танысуға мүмкіндік бар. Ойынның географиясы әлі де кеңейе түспек.   

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети