13 қараша 2015 16:30

Нұрсұлтан Назарбаев қандай кітаптарды оқиды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев қандай кітап оқиды. © akorda.kz Нұрсұлтан Назарбаев қандай кітап оқиды. © akorda.kz

Бүгін Мемлекет басшысының баспасөз қызметі Facebook желісінде жаңа суреттерді жаиялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Бүгін Мемлекет басшысының баспасөз қызметі Facebook желісінде жаңа суреттерді жаиялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Нұрсұлтан Назарбаевтың кітапханасынан бірнеше фотосурет ұсынылған. Оларға "Елбасының Ақордадағы кітапханасы" деген сипаттама жазылған.

 

Президенттің жеке кітапханасының сөрелерінде әлемдік классика көп: Достоевский, Шекспир және Стендаль.

Ал қазақ авторларының ішінде Сәкен Сейфуллиннің көптомдығы, Фариза Оңғарсынованың, Ілияс Есенберлиннің және тағы басқа жазушылардың кітаптары бар. 


© akorda.kz

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі Facebook әлеуметтік желісіндегі жұмысының форматын өзгертетінін хабарлаған еді. Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Дәурен Абаев AkordaBaspasoz деген жаңа ресми парақшасының ашылғанын жариялады. Мұнда тек қазақ тілінде ақпараттар шығып отырады. 

Сонымен қатар, қолданыстағы AkordaPress контентінің тиісінше орыс тіліндегі жұмыс режіміне көшетіні айтылды. Аккаунттар мазмұны әркелкі аудиторияның сұранысына бейімделетіндіктен, жаңалықтардың берілу формасында айырмашылық болады екен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети