25 наурыз 2016 14:25

ОҚО-да 1300 жылдан бері өсіп тұрған тұт ағашы бар

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ОҚО әкімдігі © ОҚО әкімдігі

Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында 1300 жылдан бері өсіп тұрған тұт ағашы бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.


Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында 1300 жылдан бері өсіп тұрған тұт ағашы бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

Алып ағаштың енін бойлағанда алты адамның құшағы әрең жетеді екен. Өзі де салбырап, құлауға айналған кейіпте. Бірақ діңгегі берік. Ағаштың ортасы кеуектеніп кеткен. Жаңбыр жауа қалса, ішіне онға жуық бала кіріп паналап отыруға болады. "Тарихи тұт ағашы ауылдағы Имам Бақли мазарында орналасқан. Ауылда ағаштың тарихи жөнінде көптеген аңыз әңгімелер бар. Соның бірінде елді исламға шақырып, мұсылманшылықты үйреткен үлкен діндар кісі Имам Бақлидің отырғызған тұт ағашы деген де бір әпсана бар. Сондай-ақ, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) әскер басылары осы тұстан өтіп бара жатып, тұт ағашының шыбығын жерге қадап кеткені жөнінде айтылады, - деп хабарлады әкімдіктегілер. 

Ауыл ақсақалдары тарихи тұт ағашы ауылда екеу болғанын айтады. Оның бірі ауыл балалары сол маңда от жағып ойнап жүрген кезінде байқамай өртеніп кетіпті. Ақсақалдардың айтуынша алып ағаштың әулиелік қасиеті де жоқ емес екен. Айталық, әкімдіктегілердің айтуынша, қазіргі өсіп тұрған ағаштың бір жерін түртіп, жапырағын жұлып, зиян тигізсе адамның түсіне небір жаман оқиғалар кіреді екен. "Бұрындары ағаштың төменгі жағынан өзен аққан. Көпшілік науқастар соның суын ішіп, ауруынан тез айығып, дертіне шипа тапқан кездері де көп болыпты. Бұрындары мұнда алыстан зиярат етіп келушілер көп болған. Әлі де әулие ағашын көру үшін алыстан келетіндер бар", - делінген хабарламада. Бір қызығы мұндағы тұрғындарының көпшілігі ауылда осындай алып ағаштың бар екенінде білмейді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети