Өлдіге саналған қыз 10 жылдан кейін интернет-кафеден табылды

24 Қараша 2015, 00:14
0
Өлдіге саналған қыз 10 жылдан кейін интернет-кафеден табылды - © shanghaiist.com
© shanghaiist.com

Қытайда 10 жыл бұрын ұшты-күйлі жоғалып, өлдіге саналған қызды полицейлер интернет-кафеде компьютер ойынын ойнап отырған сәтінде тапты, - деп хабарлайды Shanghaiist.

Чжэцзян провинциясында өмір сүрген қытайлық қыз 14 жасында ата-анасымен ұрысып қалғаннан кейін үйінен қашып кеткен. Содан бері оны ешкім көрмеген. Кейін қыздың осы жылдар бойы интернет-кафелерде болып келгені анықталды.  

Полицейлер бойжеткенді Ханчжоудегі интернет-кафеден тапқан. Ол жеке куәлікті қолдан жасаған. Ол тәртіп сақшыларына үйінен кеткелі бері интернет-кафеде өмір сүргенін: тамақтанғанын, онлайн-ойындар ойнаумен болғанын айтып беріпті. Бойжеткенге ақшаны оған аяушылық білдірген бейтаныс адамдар беріп тұрыпты. 

Құқыққорғаушылар қолдан құжат жасағаны үшін 1000 юань айыппұл салғаннан кейін оны ата-анасына беруді шешіп, хабарласқан. Ата-анасы болса тілшілерге ендігіде қыздарымен ешқашан ұрыспайтынын айтыпты.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай