21 мамыр 2015 10:02

Онлайн-ойынды қимаған әйел интернет-кафеде босанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© blogspot.com © blogspot.com

Онлайн-ойынды қимаған әйел интернет-кафеде босанды, - деп хабарлайды "24.kz". Оқиға Қытайдың Наньчан қаласында болды, әйел қыз баланы дүниеге әкелді.


Онлайн-ойынды қимаған әйел интернет-кафеде босанды, - деп хабарлайды "24.kz". Оқиға Қытайдың Наньчан қаласында болды, әйел қыз баланы дүниеге әкелді.

"Әйел ойнап жатқан компьютер ойынын тоқтатуға қимағандықтан, баланы еденге туа салысымен қайтадан ойынға кірісіп кетіпті",  - деп жазады қытайлық басылымдар. Ал сол кезде интернет-кафеде отырған өзге келушілер жылаған сәбидің дауысын естіп келіп, не болғанын бірден түсіне қойған. Олар жаңа туған баланы киімге орап, жедел жәрдем шақыртқан.

Айта кетейік, кейін 24 жастағы ананың отбасымен болған кикілжіңнен соң ашуланып, үйінен кетіп қалғаны анықталды. Ал интернет-кафеге ол жігітін күте тұру үшін барыпты. Бұл оқиғадан кейін оның туыстары мен баланың әкесі хабарды ести салысымен, бірден ауруханаға барды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети