09 сәуір 2015 15:07

Оралда оқушы бала мұзды суға батып бара жатқан досын ажалдан құтқарып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

@РИА Новости @РИА Новости

Оралда оқушы бала мұзды суға батып бара жатқан досын ажалдан құтқарып қалды,  - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Батыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиға желтоқсан айында болса да, бұл туралы енді ғана белгілі болып отыр.


Оралда оқушы бала мұзды суға батып бара жатқан досын ажалдан құтқарып қалды,  - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Батыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиға желтоқсан айында болса да, бұл туралы енді ғана белгілі болып отыр.

Бокс үйірмесінен қайтып келе жатқан достар Орал өзенінің қата қоймаған мұзын тексеріп көрмек болған. Олар жерде жатқан темір құралдарды алып, қатқан мұздың үстінен ұрғылай бастайды. Мұздың кенеттен қозғала бастағанын сезген балалар тыпырлап қаша жөнеледі. Суда тек Әлихан есімді бала қалып қойған. Департамент қызметкерлерінің айтуынша, бесінші сыныпта оқитын Мейрамбек жерде жатқан таяқты Әлиханға лақтырып, досын құтқаруға тырыспағанда, судағы бала ол жерде бірнеше минуттан артық шыдай алмайтын еді.

Жас құтқарушының айтуы бойынша, ТЖД қызметкерлері қысқы мезгілде судағы тәртіп ережелерін оқушыларға үйреткен. Мейрамбектің әкесі болса ұлының әрекетін ерлікке бағалайтынын айтты. "Ол абдырап қалмады. Балалар әртүрлі болады, ол әдейі болмаса да қорыққанынан қашып кетуі мүмкін ғой. Мұндай жастағы балаларда объективті ойлау жүйесі қалыптаспағандықтан, оқиға басқаша аяқталуы мүмкін еді. Сондықтан басқа балаларға да тоғандарда осындай іс-әрекеттер жасамауын ескерту керек", - деді Мейрамбектің әкесі.

ТЖД қызметкерлері оқушыға алғыс хатын тапсырды. Осы оқиғадан кейін Мейрамбекке болашақта құтқарушы мамандығын таңдауды ұсынғандар болды. Дегенмен, баланың өзі спортшы болғысы келетінін айтып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети