08 мамыр 2018 15:58

Пәкістанда бір минутта 51 қарбызды басымен жарған ер адам жұртты таңғалдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Пәкістандық спортшы 1 минут ішінде 51 қарбызды басымен жарып, рекорд орнатты, деп хабарлады "Хабар 24".


Пәкістандық спортшы 1 минут ішінде 51 қарбызды басымен жарып, рекорд орнатты, деп хабарлады "Хабар 24".

Телеарнаның мәліметінше, 2011 жылы германиялық рекордшы Тафзи Ахмед осы уақыт ішінде 43 қарбызды жарған. Бұл жолы Насим оның рекордынан асып түсіп, 51 қарбызды басымен жарып тастады. Сонымен қатар, ол 60 секундта 281 грек жаңғағын қолымен шаққан.

Пәкістандық спортшының айтуынша, ол бұл рекордты орнату үшін ұзақ дайындалған.

"Әлемдік рекорд орнату үшін көп жаттығу керек. Мен бірнеше ай дайындалдым. Осылай өнер көрсетіп, рекорд орнату үшін біраз ақша жұмсау керек. Мен оны демеушілер мен мемлекеттің көмегінсіз жасадым", - деді ол. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети