Пәкістандық жаңа түскен келін қайын жұртының 15 мүшесін улап өлтірді

31 Қазан 2017, 17:21
0
Пәкістандық жаңа түскен келін қайын жұртының 15 мүшесін улап өлтірді - © dailypakistan.com.pk
© dailypakistan.com.pk

Пәкістанда жаңа түскен келін (күштеп тұрмысқа шыққан) жаңа отбасының 15 мүшесін улап өлтірді. Ол сүтке у қосып берген, - деп хабарлайды Daily Pakistan.

Оқиға Пенджаб провинциясында болған. Асия есімді қызды Амжада Лашари деген жігітке еркіне қарсы тұрмысқа берген. Өз үйіне қайтып барғысы келген кезде оның ата-анасы кіргізбей тастаған. Сол кезде пәкістандық қыз арам пиғылды жоспар ойластырған: ол сүтке у қосқан. Алайда оны күйеуі ішуден бас тартқан. 

Кейінірек Асияның енесі сүтте у барын білмей ласси (йогурт тектес сусын) жасаған. Сусынды 27 адам ішкен, оның 15-і қайтыс болған. Қалғандары ауыр халде ауруханаға жатыр. 

Полиция Асияны қамауға алды. Кейінірек осы оқиғаға жас келіннің сүйгені, яғни басқа бір жігіттің қатысы бары анықталды. Ер адамды да полицейлер қамауға алды. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай