17 қыркүйек 2014 22:00

Панама – әлемдегі ең бақытты мемлекет

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото debosh.net сайтынан алынды Фото debosh.net сайтынан алынды

Панама әлем бойынша ең бақытты мемлекет болып танылды. Мемлекеттер арасында жайлы өмір индексі бойынша рейтинг құрастырған Gallup-Healthways компаниясы осындай шешімге келіп отыр.


Панама әлем бойынша ең бақытты мемлекет болып танылды. Мемлекеттер арасында жайлы өмір индексі бойынша рейтинг құрастырған Gallup-Healthways компаниясы осындай шешімге келіп отыр.

Жұмыс барысында мамандар мемлекеттерді келесі көрсеткіштер бойынша бағалады: елдегі халықтың табысы, әлеуметтік қорғауды сезінуі, жақындарына деген қарым-қатынасы, өмірлік мақсатының айқын болуы, денсаулықтарының жақсы болуы негізге алынды. Рейтингте көш бастап тұрған Панама мемлекеті, одан кейін  Коста-Рика, Дания, Австрия, Бразилия, Сальвадор, Уругвай, Швеция, Канада және Гватемала.

Ең бақытсыз елдердің ондығына Сирия, Ауғанстан, Гаити, Конго, Чад, Мадагаскар, Уганда, Бенин, Хорватия және Грузия кіреді. Қазақстанға қаншасыншы орын бергені белгісіз. 

Рейтинг авторлары бақытсыз елдердің қатарына көбіне қарулы қақтығыстар жиі болатын елдер жатқызылатынын айтты. Сонымен қатар, мемлекеттердің бақытты болуына менталитеттері де әсер етеді. Мысалы, халқы жайлы өмір сүретін  бақытты мемлекеттер көбінесе Латын Америкасында екен. Мамандардың айтуына қарағанда,  бақытты елдердің халқы оптимист болып келеді. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети