01 тамыз 2014 22:24

Павлодар тұрғындары торғайлар азайып кетті дейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Liveinternet.ru ©Liveinternet.ru

Павлодарлықтар қаланың тұрғын үй аулаларынан торғайлардың жоғалып кеткеніне алаңдап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодарлықтар қаланың тұрғын үй аулаларынан торғайлардың жоғалып кеткеніне алаңдап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала тұрғындарының айтуынша, бұрын аулаларда топ-тобымен ұшып жүретін торғайлар соңғы кездері ізім-ғайым болған. Көшелерден ғана бірен-сараны кезігеді. Торғайлардың жоғалып кетуі әлеуметтік желі тұтынушылары арасында кең талқыланып жатыр. Бірақ павлодарлықтардың алаңдауы бекер екен. Орнитологтар мұны маусымдық қалыпты құбылыс деп отыр.

"Құстар арасында ешқандай індет жоқ, табиғи нәубет те жоқ. Торғайлардың қатары сиреп кеткен жоқ, олар тек жемі көп жерге қарай ұшып кетті", - дейді биология ғылымының докторы, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры Наталья Тарасовская.

Оның айтуынша, павлодарлықтардың көзі үйренген "үй торғайлары" бүгінде Ертіс алқабындағы жәндіктермен және шөп тұқымдарымен қоректенетінді шығарған. "Тамыз айы - өзен алқабында жем-шөп көбейетін мезгіл. Торғайлар нанмен ғана емес, жәндіктермен де қоректенеді ғой. Сол себепті олар жемі мол жаққа ұшып кетті", - дейді ғалым.

Жергілікті орнитологтар ресейлік ғалымдармен бірге Ертіс бойында экспедициялар жүргізіп, құстарға қатысты ахуалды зерттеп отырады. Олардың мәліметінше, өңірде торғайлардың популяциясы азайған жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети