ПОДЕЛИТЬСЯ
12 қазан 2018 | 17:34
Павлодарда фуралар кортежі видеоға түсіп қалды
Павлодарда фуралар кортежі видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Павлодарда фуралар кортежі видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Кортеждің видеосы Instagram желісінде жарияланды. Видеодағы кадрлардан жас жұбайлар отырған лимузиннің соңынан атлас ленталар мен шарлармен безендірілген бірнеше жүк көлігінің келе жатқанын көруге болады. Сондай-ақ, видеодан кейіннен патрульдік автоның фураларды тоқтатқаны көрінеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Типичный Павлодар (@tipavlo) 6 Окт 2018 в 6:54 PDT
"Бізге мейрамханаға дейін 200 метрдей жер қалған еді. Осы күнге ұзақ уақыт дайындалған едік. Полицейлерден бізді жіберулерін сұраған едік, бірақ олар бізді тоқтатып, бір сағат уақыттай түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Әрине, көңіл-күйіміз түсіп кетті. Бірақ фуралар көлік қозғалысына кедергі келтірген жоқ еді, біз басқа көліктерді өткізіп тұрдық. Басты көшелермен жүрген жоқпыз. Фураларға жүруге рұқсат етілген көшелермен ғана жүрдік. Әр көлік шамамен көп болса 7 200 тонна болды. Жол қозғалысы ережелерін бұзған жоқпыз", - дейді жас жұбайлардың достары.
Ал полиция өкілдері өз кезегінде ереже бұзушылықтың болғанын айтады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Типичный Павлодар (@tipavlo) 6 Окт 2018 в 5:45 PDT
"Полицейлер DAF маркалы фуралармен келе жатқан кортежді тоқтатты. Жүргізуші ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 602-бабының 1-бөлігі бойынша ("Көлiк құралдары жүргiзушiлерінің сыртқы жарық түсіру аспаптарын және (немесе) дыбыс сигналдарын пайдалану, авариялық сигнал берудi қолдану қағидаларын бұзуы") әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметі өкілдерінің Tengrinews.kz тілшісі жолдаған сауалға берген жауабында.
"Кортеж жүргізушілерімен жол қозғалысы ережелері мен жол белгілерін сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді", - деп хабарлады өңірлік полиция қызметінің баспасөз қызметіндегілер.
Показать комментарии
Читайте также