Павлодарда көпқабатты үйдің шатырына шығып, селфи жасаған алты жасөспірім ұсталды

20 Сәуір 2017, 11:51
0
Павлодарда көпқабатты үйдің шатырына шығып, селфи жасаған алты жасөспірім ұсталды -

Павлодарда көпқабатты үйдің шатырына шығып селфи жасаған алты мектеп оқушысы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Экстремал видео мен селфи жасағандардың қаладағы мектеп оқушылары екені белгілі болды. Полицейлер жасөспірімдердің әлеуметтік желілерге жүктеген видеосы арқылы олардың аты-жөнін анықтаған.

"Instagram желісіне жүктелген видеодан белгісіз біреулердің тоғыз қабатты үйдің шатырына шығып алғаны көрінеді. 2001-2004 жылғы алты жасөспірім ұсталды. Олар Павлодардағы мектептерде оқиды", - деді өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер Tengrinews.kz жолдаған ресми сауалған берген жауабында.

Полицейлердің мәліметінше, жасөспірімдер көпқабатты үйдің шатырына өрт сөндіру баспалдақтары мен ашық жатқан люктер арқылы шыққан. Содан сонда түсірген видеороликтерін Интернетке жүктеп отырған. Айта кетейік, жасөспірімдер бірнеше күннің ішінде бірнеше сериялы видеолар түсіріп үлген. Видеороликтердің бірінде екі баланың бірінің бір үйдің шатырынан көрші үйдің шатырына секіріп жатқаны көрінеді. Ал кейінірек сол видеода тағы бірнеше бала пайда болады.

"Міне, жазылушыларымыз үшін неге дайынбыз", - дейді ролик авторы.

Ал полицейлер жасөспірімдердің бұл әрекетін басқаша түсіндіріп берді. "Мектеп оқушыларының айтуынша, олар көпқабатты үйдің шатырына күннің батуын көру үшін шыққан. Бірақ олардың ата-аналары балаларының шатырға шығып жүргендері жайлы білмеген. Жасөспірімдер мен олардың ата-аналарымен профилактикалық әңгіме жүргізілді ", - деді облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, осыған дейін де Павлодарда аттракционға шығып, селфи жасаған жігіт бес күнге қамалған еді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай