Павлодардағы сауда үйлерінің бірінде жүгіріп жүрген егеуқұйрық жұрттың зәресін алды

30 Шілде 2016, 17:00
0
Павлодардағы сауда үйлерінің бірінде жүгіріп жүрген егеуқұйрық жұрттың зәресін алды - Ролик кадрлары
Ролик кадрлары

Павлодардағы сауда үйлерінің бірінде жүгіріп жүрген егеуқұйрық жұрттың зәресін алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиғаның видеосы ВКонтакте желісіндегі "Типичный Павлодар" тобында жарияланды. Онда "Квазар" сауда үйі. No comment" деп жазылған.

Ролик кадрларында егеуқұйрықтың ет сататын қатарлардың арасында жүгіріп жүргені көрінеді. Ол жүгірген жақтың сатып алушы әйелдері мен сатушылары шыңғырып, сауда үйін бастарына көтерген. Осы уақытта оқиға орнынан табылған күзетшілердің бірі егеуқұйрықты қуа бастайды, кейін оны супермаркетке келушілердің бірі таптап өлтіреді. 

"Квазар" сауда үйіндегілер кеміргіштерді әрдайым улау шараларын өткізіп, олардың қойма немесе жертөлелерде жоқ екенін айтып отыр. Мұндағылар егеуқұйрық көршілес орналасқан көкөніс базарынан кіріп кеткен деп есепейді. 

Қолданушылардың кейбірі жануарды аяусыз өлтірген ер адамды сөгіп жатыр. Ал тағы бір қолданушылар сауда үйінің әкімшілігін жауапқа тартуды талап отыр. Тағы біреулерлері әзіл айтып жатыр. "Құдайға шүкір, теракт емес екен" дейді олар. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай