04 қазан 2018 09:08

Перзентхананың төртінші қабатына арнайы техникамен шыққан атыраулық жұртты таңғалдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілерде атыраулық ер адамның музыка қосып, төменде жиналып тұрған туған-туыстарының айғай-шуымен перзентхананың төртінші қабатына биікке көтеретін техниканың көмегімен шыққан видеосы тарап жатыр, - деп хабарлайды "Ақ Жайық".

Ер адамның бұл әрекетін қолданушылар түрліше бағалап жатыр. "Арнайы техниканы перзентхана территориясына кім кіргізген? Әйелдер бала босанып, қазір тойлайтындай жағдайда емес", - деп біреуі жазса, ал кейбірі ер адамның әйеліне керемет тосынсый жасағанын жазған. 

Басылым тілшісі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен перзентханада мұндай мереке ұйымдастырудың дұрыс-бұрыстығын сұраған. Ведомстводағылар өз кезегінде босанған әйел мен сәбиді перзентханадан шығарып алудың қандай да бір ережесі жоқтығын, сондықтан "ойналып көру керек" екенін айтып жауап қатқан. 

ІІД де қандай да бір пікір білдіруден бас тартты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети