Петропавлда елең еткізетін жарнама ролик түсірілді

18 Қараша 2014, 12:27
0
Петропавлда елең еткізетін жарнама ролик түсірілді - ©Youtube желісіндегі видеодан скриншот
©Youtube желісіндегі видеодан скриншот

Петропавлда түсірілген жарнама Интернет қолданушыларының наразылығын туғызды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жарнама видеосында Солтүстік Қазақстан облысы құрылыс компаниясының жаңадан соғылып жатқан үйлерінде жартылай жалаңаш қыздар билейді. Сонымен бірге, құрылыс компаниясының аты да аталады - "Казградстрой".

"Петропавл тарихындағы музыка-құрылыс видеоролигі" деп аталған бейнеклипте сымбатты ер адамдар мен тележүргізуші кейпіндегі қыздар құрылыс компаниясының өнімдері туралы айтады. Жартылай жалаңаш бойжеткен төсекте жатып "Мен - жаңа үймін. Мені қалайтындар компания кеңсесіне телефон соқсын" дейді. Видео сипаттамасында 2015 жылы "Қызыл-жар" 12 қабатты тұрғын үй кешені берілетіні айтылады. Жарнама ролигін көрген Интернет қолданушылар екіге бөлінді. Оның бірі құрылыс компаниясының бұл жобасын сәтті деп атаса, ал екіншісі өте нашар әрі ұятсыз екенін айтып жатыр. AKADEMIKS260985 нигіндегі бір қолданушы "Бұл қаламызды масқаралады!" дейді.

Музыка-құрылыс жарнамасы туралы екі видеоролик YouTube ресурсына осы жылдың жазында жүктелген. Екі роликте де әнді Петропавл қаласының әншісі - Александр Зайберт орындайды.

Айта кетейік, бұл елімізде көпшіліктің наразылығын туғызған жалғыз жарнама емес. Бұған дейін "Студия 69" клубын жарнамалайтын постерде Құрманғазы мен Пушкиннің сүйісіп тұрғаны бейнеленген болатын. Жарнама осы жылдың 24 тамыз күні әлеуметтік желілерде тарала бастады. Бұл жұмыс қоғам мүшелерінің наразылығын туғызды, олар постер авторларын жауапкершілікке тартуды сұрап, полицияға шағымданды. Бұдан кейін Havas Worldwide Kazakhstan жарнама агенттігі сот үкімі бойынша Құрманғазы консерваториясының 34 өкіліне 34 миллион теңге көлемінде моральдық шығын төлеп беруі керек болды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай