Петропавлдағы жанармай бекетінің жұмысшысы Қазнетте жұлдызға айналды

16 Мамыр 2016, 16:08
0
Петропавлдағы жанармай бекетінің жұмысшысы Қазнетте жұлдызға айналды - © facebook.com
© facebook.com

Петропавлдық рэпер-бензин құюшы Қазнетті жаулап алды. Оның жанармай құю бекетінде тұрып өнер көрсеткенін Алматы тұрғыны Ольга Агапова Facebook әлеуметтік желісіне жүктеді. 

Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында 21 жастағы Азизхан Баймұратов бала кезінен бері өлең жазып, шығармашылықпен айналысатынын айтты. Жігіт өз қаласында рэп орындаушысы ретінде ғана емес, әндердің авторы және кештердің жүргізушісі ретінде де танымал. Азизхан бұл жерде үш жылдан бері жұмыс істеп келеді.

"Мұнда жұмыс істейтініме ұялмаймын. Мен студентпін, көп жұмыс істеуім керек, оқуымның ақысын төлеуім керек. Мен байдың баласы емеспін, жетістікке өз қолыммен жетуім керек, ата-анамнан ақша сұрамаймын. Бұл қалыпты жағдай. Мен сөйлеу өнерімді машықтандыруым керек, көлікке бензин құйып жатқанымды сөйтемін, шумақтар ойлап табамын, жұмыс істеймін, сол уақытта дайындаламын", - деді Азизхан Баймұратов. 


Азизхан Баймұратов. Фото: vk.com

Қазір жігіт заңгер мамандығында оқып жатыр. Алайда болашақта шығармашылық жолға бе бұруға тырысады екен. Таяуда оның жаңа әндері де шығады екен.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай