09 қараша 2015 15:08

"Поле чудес" жеңімпазы атанған оралдық студент шоуға қалай қатысқанын айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© mgorod.kz © mgorod.kz

"Поле чудес" бағдарламасында жеңіске жеткен оралдық студент шоуға қалай қатысқанын айтып берді, - деп хабарлайды "Мой город".


"Поле чудес" бағдарламасында жеңіске жеткен оралдық студент шоуға қалай қатысқанын айтып берді, - деп хабарлайды "Мой город".

Студент қыз Салтанат Смағұлованың айтуынша, ол қызық көріп биыл жазда Бірінші "Еуразия" телеарнасының сайтындағы сауалнаманы толтырған.

"Қазан айында маған біреу қоңырау шалып, бағдарламаның түсіріліміне қатысатынымды айтты. Түсірілімге жалғыз аттандым. Музыкалық номер дайындадым, себебі қатысушылардың барлығына жуығы вокалдық немесе хореографиялық дайындықпен барды. Студияда қатты қобалжыдым, себебі туған қалам Оралдың атына кір келтіремін бе деп қорықтым. Бірақ, бақытыма орай барлығы да тамаша өтті", - деді Салтанат.

Сонымен қатар, ол бағдарламаға ерекше дүниелерді апарудың қажеті жоқ екенін айтты. Қандай да бір сәлемдемелермен барудың өзі жеткілікті. Студент қыз апарған тартулардың барлығын оның Оралдағы туыстары беріп жіберген. Айта кетейік, 19 жастағы Салтанаттың Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университеті фортепиано факультетінің бірінші курс студенті екені анықталды.

Айта кетейік, 6 қарашада "Еуразия" Бірінші телеарнасында "Поле чудес" шоуы эфирге шықты, онда Оралдық жас қыз жеңіске жетті. Студент қыз 8900 ұпай жинап, тізімдегі сыйлықтардың барлығын иеленді. Олардың арасында ноутбук, телефон, үй кинотеатры, асханаға арналған жиынтық бар. Салтанат Смағұлова супер ойынды ойнаудан бас тартып, сыйлықтардың барлығын Оралға алып қайтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети