1. Басты
  2. Біл
  3. Өмір
  4. Бір үзік

Полиция киімін киген бала Қазнет жұлдызы болды

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Қазнет қолданушылары мектептегі ертеңгілікке полицей образында келген баланы қызу талқылап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Instagram желісіндегі @qazaqpyz__ _ _ goi парақшасында жарияланған кадрларда мектепте ертеңгілік болып жатқаны көрінеді. Шамамен бастауыш мектеп оқушылары ата-аналарымен бірге спорт залында жаңажылдық шыршаны тойлап жатыр. "Міне, ол, қазіргі заман қаһарманы", - деген жазба авторы. Қолданушылар ол қолында жарқырайтын таяқшасы бар полиция формасындағы бала деген болжам жасады. 

Оқиға қай қалада болғаны белгісіз. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ҚАЗАҚПЫЗ ҒОЙ???? ВСЕ О КЗ!???????? (@qazaqpyz__goi)

Бала полицейге ұқсас болғандықтан, Қазнет қолданушыларының көзіне түскен. 

"Нағыз полицей", "Жүрісіне қарасаң, әкесінен аумайды", - деп жазылған пікірлер арасында.