01 ақпан 2016 19:45

Полиция Шымкенттегі тойда мас адам секілді билеген бала жайлы видеоны зерттеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Youtube кадрлары Youtube кадрлары

Полиция Шымкенттегі тойда мастар сияқты билеген бала жайлы видеоны зерттеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД өкілдеріне сілтеме жасап. Ролик авторының қойған тақырыбына қарағанда, оқиға Шымкенттегі "Ақжол" кафесінде болған және бала мас болған делінеді.


Полиция Шымкенттегі тойда мастар сияқты билеген бала жайлы видеоны зерттеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД өкілдеріне сілтеме жасап. Ролик авторының қойған тақырыбына қарағанда, оқиға Шымкенттегі "Ақжол" кафесінде болған және бала мас болған делінеді.

 Полицияның мәліметінше, кәмелетке толмаған жасөспірімнің видеода мас күйде болғаны туралы дерек расталмады. "2016 жылдың 23 қаңтарында YouTube видеохостингінде "Пьяный мальчик танцует. Шымкент, кафе "Акжол" деген тақырыппен видео пайда болды, онда кәмелет жасына толмаған жасөспірімнің Шымкентте мас адам секілді билегені бейнеленген. Полицейлердің тексерісінің барысында той шарасында кәмелетке толмаған жасөспірімнің мас күйде болғаны туралы дерек расталмады", - деп хабарлады полициядағылар. 

ІІД өкілдері кафенің әкімшілігі оқиғаның қашан болғанын айта алмаған, мекеме жұмысшылары кафеде алкоголь сусындарын кәмелет жасына толмағандарға сатуға қатаң түрде тыйым салынғанын және кәмелетке толмағандардың шараларда тек ересектердің қарауында болатынын мәлімдеген. 

"Сонымен қатар, видеоролик авторын анықтау мүмкін болмады, себебі Абылайхан Ибрагим ҚР ІІМ тіркеу және құжаттандыру базасындағы мәліметтер бойынша тіркеуден өтпеген және құжат алмаған. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары кәмелетке толмаған жасөспірімді анықтау бойынша шаралар жүргізіп жатыр", - деп хабарлады ІІД өкілдері.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети