04 қазан 2014 20:38

Рамзан Қадыровтың кескіні бар бір келі шақа құйылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қадыровтың бейнесіндегі шақа Қадыровтың бейнесіндегі шақа

Ресейдің Орал өлкесінде Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың кескінінде бір келі шақа құйылды, - деп хабарлайды Newsru.com. Алғашқы нұсқасы күмістен жасалған, оны таяу күндері Грозный қаласы күнін тойлау кезінде Қадыровқа сыйға тарту етілмекші екен. 25 шақадан тұратын өнім сериясы ішінде алтындары да бар. Бұл туралы шақаны жасаушылардың сайтында айтылады.

Шақаны Челябинск облысының "ОружейникЪ" фабрикасының шеберлері жасаған. "Коллекция шектеулі, ол алтын және 25 күміс шақадан тұрады. Әрқайсысының салмағы 1000 грамм, қалыңдығы 11 және 14 миллиметр, диаметрі алтын шақа үшін 100 және күмісінікі - 120 миллиметр" делінеді алдын ала таратылған хабарламада.  

Шақаның беткі жағында Рамзан Қадыровтың суреті бейнеленген және "Біз ұлы мемлекетте тұрамыз" деген жазуы бар. Ал келесі бетінде "Шешенстан жүрегі" мешітінің кескіні таңбаланған.

Еске сала кетелік, мұның алдында осы фабрика "Қырым Республикасының Ресей құрамына қабылдануы" салтанатына арнап ескерткіш күміс шақалар шығарған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети