27 шілде 2016 11:47

Рэпер өз аузын атып жіберді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Америкалық рэпер Kasper Knight жаңа альбомына жарнама жасау үшін өз бетіне оқ атқан, - деп хабарлайды The Daily Haze. Бұл оқиғаның видеосын ол Facebook желісіндегі парақшасында жариялаған.


Америкалық рэпер Kasper Knight жаңа альбомына жарнама жасау үшін өз бетіне оқ атқан, - деп хабарлайды The Daily Haze. Бұл оқиғаның видеосын ол Facebook желісіндегі парақшасында жариялаған.

Видео бір тәуліктің ішінде 500 мың рет көрілген. Онда жігіт көлігінде отырып, бетіне тапанша тақайды да, шүріппені басып жібереді. Оқ оның бетін тесіп өтіп, рэпер қан түкіре бастайды. Соған қарағанда оқ оның тісіне де тиіп кеткен сияқты. Алайда, музыкант бұған қарамастан ештеңе болмағандай отыра береді. Желіде ол бұл іске жаңа әнжинағының жарнамасы үшін жасағанын жазған. "Танымал болып кетпей тұрғанда кітаптарым жайлы, көркем галереям мен рэп-музыкам жайлы кез келген сұрақтарыңызға жауап бере аламын", - дейді ол.

Қолданушылар бұл видеоның фейк екенін айтып отыр. Айтуларынша мұндай жарақат алған кезде қан бұдан да көп шығу керек. Оның үстіне оқ оның бір бетін ғана тесіп, екінші беті аман қалған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети