18 қараша 2014 18:09

Ресей ғалымы Ice Bucket Challenge аясында үстіне сұйық азот құйды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры. ©mk.ru Видео кадры. ©mk.ru

Красноярскінің физигі, Физика институтының ғылыми қызметкері және "Ньютон Парк" ғылым мұражайының директоры Антон Шарыпов Ice Bucket Challenge (басына су құю) танымал акциясына қатысты. Ғалым басына суды емес, Цельсий шкаласы бойынша 196 градус суық сұйытылған азотты құйды, - деп хабарлайды "Правда.Ру".

Ғалым Ice Bucket Challenge аясында тұтас бір шоу жасаған. Оны видеоға досы, красноярлық блогер Дмитрий Шилов түсірді. Бастапқыда шелекке жапырақ салынады, ол бірден қатады да әйнек секілді сынады, содан кейін Антон "әлдеқандай жағдай болып кетсе, мен әйелімді жақсы көремін" дейді де басына шелекті төңкереді. 

Видеоның бас кейіпкерінің айтуынша, бұл оқиға қазан айының ортасында болған. "Мен адамдарға физиканың өте қызық екенін, ненің мүмкін екенін және ненің мүмкін емес екенін көрсеткім келді", - деді жас ғалым. Оның айтуынша, мұздатылған сұйықтық денеге тиген бойда ішінде ауасы бар жастық пайда болады. Шарыпов бір жарым секундта айтарлықтай ештеңе болмайтынын, ал көп уақытқа тиіп тұрса қатты күйіп қалу мүмкін екенін айтты. "(...) Мен құйған кезде суық екені сезіледі, бірақ одан басқа ештеңе сезілмейді", - деді ол.    

Айта кетейік, Ice Bucket Challenge - адамдардың жүйке жүйесін емдеуге және ұмытшақтық дертінің алдын алуға бағытталған кампания.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети