05 қаңтар 2020 | 09:50

Ресейде керексіз қалған сыйлықтар дүкені ашылды

Ресейдің Пермь қаласында керексіз қалған сыйлықтарды өткізуге болатын дүкен ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Mash Телеграм-каналына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ресейдің Пермь қаласында керексіз қалған сыйлықтарды өткізуге болатын дүкен ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Mash Телеграм-каналына сілтеме жасап. 

Сыйлықтар сөреде тұрып, шаң-тозаң бола бастағанда осындай дүкен ашу идеясы келген, мұндай заттар дүкен иелерінің достарынан да табылған. Сол себепті ерекше дүкеннің иелері сауда орталығын ашып, басқаларға да көмектесті. 

Реклама
Реклама

"Өз бағаңызды қоясыз, дүкенде ол бағаның үстіне сәл қосады, себебі салық төлеу керек. Біз мемлекетті де, өзімізді де сыйлаймыз, сондықтан мұны қажетті сыйлықтар ретінде сатамыз", - деді дүкеннің PR-директоры Василий Кучумов.

Тамақ, техника және киім-кешектен басқасының барлығы қабылданады. 

"Біз достарымызбен осы мәселені талқылап алдық, оларға осындай сыйлықтар апаратын болдық, олар қарсы болмады. Біздің идеяны қолдайтындар көптеп табылды, олар өздерімен көптеген сыйлықтар әкеліп жатыр", - дейді Марина Чарушина есімді сатып алушы. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная