06 қараша 2017 16:49

Романовская супермаркеттегі шұжық салмағы жайлы видеоға түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан жасалған скриншот Видеодан жасалған скриншот

Сатып алушы Қазақстанның ірі сауда желісін шұжықтың көрсетілген салмағынан аз тартады деп айыптады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оның сатушыға өз сөзін дәлелдеп жатқан сәт видеоға түсіп қалды. 


Сатып алушы Қазақстанның ірі сауда желісін шұжықтың көрсетілген салмағынан аз тартады деп айыптады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оның сатушыға өз сөзін дәлелдеп жатқан сәт видеоға түсіп қалды. 

Видеодан ер адамның дүкен қызметкерлеріне шұжықтың салмағы көрестілген жапсырма қағаздағы салмақ пен оны өлшегенде 200 грамм айырмашылық көрсетіп жатқанын байқауға болады. Осыдан кейін ер адам сөреге жақындап, өзге шұжықты алады. Бұл шұжықтың да салмағы артық көрсетілгені анықталады. 

Ұлттық тұтынушылар лигасының президенті Светлана Романовская құнын, салмағын артық көрсету үшін жауапкершілік Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 190-бабы бойынша қарастырылғанын айтады

"Бұл дерек бойынша видео және суреттер дәлел болады. Видеоға түсіру тұтынушылар құқығын қорғау мақсатында оферта келісімшарты бар кез келген жерде рұқсат етілген. Сондықтан сатып алушы әкімшілікке және әкімшілік полицияға шағымдана алады. Әрине материалдық шығын мен моральді зардапты өтеуін талап етуге құқылы", - дейді Романовская. 

Сауда желісінің өкілдері әзірге бұл туралы түсінік бермегенін айта кетейік. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети