04 маусым 2015 12:14

Сабина Алтынбекова ең әдемі спортшылар тізімінде Шараповадан асып түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сабина Алтынбекова. © Тengrinews.kz Сабина Алтынбекова. © Тengrinews.kz

Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова индонезиялық Surabaya News порталының тұжырымы бойынша ең әдемі спортшы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова индонезиялық Surabaya News порталының тұжырымы бойынша ең әдемі спортшы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"18 жастағы спортшы қыздың түрі өте әдемі, денесі де, ол терісінің аққұбалығымен ерекшеленеді. Ол сүйкімді және бүкіл әлемге танымал", - деп жазады басылым.

Тізімнің екінші орнына 2012 жылғы спорттық гимнастикадан командалық біріншілікте олимпиада чемпионы атанған, ағылшын Маккайла Марони жайғасты. Бұл спортшы түрінің әдемілігімен ғана емес, "Әсер қалдырмайтын Маккайла" деген атауға ие мемомен танымал. Өкпелі Маронидің суреті олимпиада ойындарында қолды тіреп секіру жарысында күміс жүлде алғаннан кейін түсірілді.

Ең әдемі спортшы қыздардың тізімінде үшінші орынға ресейлік теннисші Мария Шарапова ие болды. "Теннистің ханшайымы атанған Шарапованың түрі мен денесі әдемі, бірақ ол доп қарсыласына түскенде кортта айқайлайтынымен танымал", - делінген Surabayanews жарияланымында.

Суреттерді мына жерден көруге болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети