Сақал сәннен қалды - БАҚ

11 Маусым 2015, 16:49
1
Сақал сәннен қалды - БАҚ - © REUTERS
© REUTERS

Сақал ресми түрде сәннен қалған деп танылды, - деп хабарлайды Mashable. Басылымның мәліметінше, мұндай өзгеріске қалалық жастардың шығармашылығы себеп болған.

Бұл жастар өздерін "жасампаз таппыз" деп есептейді. Олар беттің таза болғанын дұрыс көреді. Мысалы, қалың сақалы арқылы танымал блогшы Джоэл Александер жақында толық қырынып тастады. "Бұл бренд аяқталды", - деді ол. Оның айтуынша, түк басқандардың дәуірі екі жыл бұрын аяқталған. "Сол кезде менің телефоныма қоңыраулар көптеп келіп түсті", - деп еске алды ол. 2014 жылдың қарашасында Александерге агенттері сән үйінің сақалды сәнгерлерге қызықпайтынын жеткізген. Ол осыдан кейін оқырмандарын сақалсыз бетімен таңғалдырды.

Электрондық сауда сайтының негізін қалаушы Джордж Косаноның айтуынша, сақалдың сәнен шығуына технологияның әсері бар. Яғни, технологиялар таза бетті тез анықтайды. Косметологтар өз кезегінде ер адамдардың бет терісіне көп мән бере бастағанын айтты.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай