28 қазан 2015 07:52

Сауд Арабиясының танымал актері көрерменімен селфи жасағаны үшін қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абдул Әзиз әл-Кассар. © atrl.net Абдул Әзиз әл-Кассар. © atrl.net

Сауд Арабиясының танымал актері әрі тележүргізуші Абдул Әзиз әл-Кассар Эр-Риад қаласындағы сауда орталықтарының бірінде көрерменімен селфи жасағаны үшін қамауға алынды, - деп хабарлайды The Independent.


Сауд Арабиясының танымал актері әрі тележүргізуші Абдул Әзиз әл-Кассар Эр-Риад қаласындағы сауда орталықтарының бірінде көрерменімен селфи жасағаны үшін қамауға алынды, - деп хабарлайды The Independent.

Актердің айтуынша, Сауд Арабиясының астанасына жол тартудан бұрын ол өзінің көрермендерінен үздік сауда орталығын атауды сұраған, олар танымал актерге Әл Накхил орталығын айтқан. "Мен олардың ұсынысын қабыл алып, әлеуметтік желілерде сол сауда орталығына жұма күні баратыным жайлы мәлімет тараттым", - дейді ол.

Әл-Кассар сауда орталығына келгенде оның жанкүйерлері жиналып қалған, олар әртісті суретке түсіре бастайды. Бұдан кейін белгісіз ер адам оның жағасынан ұстап, шетке қарай жұлқып әкеткен. "Мені ұстап алған адамның діни полицияның қызметкері екенін түсіндім де, құрмет көрсетейін деп қарсылық білдірмедім", - дейді ол. Осы оқиға бейнеленген видео әлеуметтік желілерде таралды. 

Актерге қоғамдық тәртіпті бұзды және таныс емес әйелдермен кездесу үшін әлеуметтік желілерді пайдаланды деп айып тағылды. Кейін ол кепілдік арқылы босап шықты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети