Бізде, шыны керек, халқымыздың басым бөлігінің саяси сауаты шамалы. Тіпті, көзі ашық, қолына портфель ұстап жүрген үлкен адамдардың пікірталасын тыңдасаңыз, кәдімгідей қарныңыз ашып қалады. Бұл олқылығымыз тәуелсіздік алғалы бері ұлттық саяси ақпараттандыру ісінің қарқын ала алмай жатқандығынан ба, әлде отандық медианарықты жаулауға ұмтылушы мысықтілеу пиғылдылар насихатының құдіреттілігінен бе?..
Бізде, шыны керек, халқымыздың басым бөлігінің саяси сауаты шамалы. Тіпті, көзі ашық, қолына портфель ұстап жүрген үлкен адамдардың пікірталасын тыңдасаңыз, кәдімгідей қарныңыз ашып қалады. Бұл олқылығымыз тәуелсіздік алғалы бері ұлттық саяси ақпараттандыру ісінің қарқын ала алмай жатқандығынан ба, әлде отандық медианарықты жаулауға ұмтылушы мысықтілеу пиғылдылар насихатының құдіреттілігінен бе?..
Соңғы кездері біздің қоғамда нақты ақпараттан гөрі, өсек-аяңның күші басым болып тұр. Сондықтан да желдірме сөз таратқандарды қылмыстық жазаға тартатын заңға арнайы бап та енгіздік. Енді елді себепсізден себепсіз дүрбелеңге түсіргені үшін ондайлар 12 жыл бас бостандығынан айырылады. Жалпы, бізде саясат жөнінде сауатты бағдарлама немесе мақала жоқ емес, баршылық. Бірақ оған қоғам қызықпайды. Қызықпаған соң да саясат туралы қоғамның ойы шолақ. Ал саясат туралы шолақтық бізді алысқа апармайды. Мысалы, коммунизм көсемі – В.Ленин өз еңбегінде үш жауды атайды, сөйтіп өз өмірін солармен күреске арнаған. Соның бірі – сауатсыздық. «Сауатсыз адам саясаттан жырақ тұрады, сондықтан оны оқытуға үйрету керек. Онсыз саясат болмайды, ондайда өсек-аяң, аңыз, желдірме сөз күш алады, саясатқа жол болмайды» деген екен кезінде қызылдар көсемі.
Қанша жерден ұлтымызға жамандық жасағанымен совет заманының идеологиясы мен ақпараттандыру тетігі әсерінің күшті болғанын мойындау керек. Соның арқасында бұл жүйе 70 жыл бойына үздіксіз өмір сүрді. Бүгін де оның елесі қазақ даласын кезіп жүр. Осы жағынан алғанда, бұл арада тәуелсіз мемлекеттің егемен ақпараттық кеңістігін құра алдық па деген заңды сауал туындайды. Мамандар бұл ретте не дер екен?
Досым Сәтбаев, саясаттанушы:
– Бұл арада екі үлкен мәселе бар. Біздің қоғамда билік пен халықтың байланысы өте әлсіз. Салдарынан бай мен кедей сынды екі әлем түзілген, яғни қоғамның өз өлшемі бар, биліктегілердің өз өлшемі бар. Саясаттағылар қарапайым цифрдің өзін нақты көрсетпейді, ал оның нақты еместігін халық біледі, сөйтіп ол цифрға қатысты жұрт өз өлшемдерін жасайды. Бұл – біріншіден. Екіншіден, БАҚ бәсекелестігі жоқ мемлекет басқа мемлекеттің ақпарат жасаушыларына тәуелді болады: біреудің ақпаратын тұтынады, біреудің идеологиясын пайдаланады.2009 жылы Премьер-министр Кәрім Мәсімов «Біздің халық қазақстандық емес, ресейлік кеңістікте өмір сүріп жатқандай» деп бұл мәселені қатты сынға алған. Соған қарағанда бұл мәселеге жоғарыдағылар назар бұра бастаған секілді. Әрине, мемлекеттік қолдауды отандық БАҚ-тың бәсекелестігін арттыруға бағыттау керек. Бұл арада мемлекеттік тапсырыс қағидаты бойынша емес, кімнің рейтингі немесе танымалдылығы жоғары, соған ғана мемлекеттен қаржы бөлу керек.
Толық нұсқасын "Алаш айнасы" сайтынан қараңыз