Семей ұн-құрама жем комбинатында жарақат алған адамдардың бір қайтыс болды

17 Мамыр 2014, 18:51
0
Семей ұн-құрама жем комбинатында жарақат алған адамдардың бір қайтыс болды - Сурет Семей қаласы ТЖБ баспасөз қызметінен алынған
Сурет Семей қаласы ТЖБ баспасөз қызметінен алынған

"Семейде ұн-құрама жем комбинатында орын алған жарылыстан жарақат алған адамдардың бір қайтыс болды" деп мәлімдейді Tengrinews.kz қалалық төтенше жағдайлар басқармасына сілтеме жасап.

Басқарманың мәліметіне қарағанда, 17 мамыр күні таңғы сағат 8-де 41 жастағы Еркін Жолдин ауруханада көз жұмды. Жарылыс кезінде өрт сөндірушінің бетін, денесін толықтай күйік шалып, сондай-ақ жамбас сүйегі сынған болатын. "Оның жағдайы өте ауыр болды, оны 40 пайыздық күйік шалған, осы уақытқа дейін жан сақтау бөлімінде жатқан" деп түсініктеме берген басқармадан.

Естеріңізге сала кетсек, 14 мамыр күні таңғы сағат 11-де ұн-құрама жем комбинатында жарылыс болған еді. Салдарынан 8 адам зардап шегіп, оның алтауы ауруханаға түскен болатын. Кейінірек жарылыстың орын алу сесебінің бір нұсқасы айтылған болатын. "Мердігерлік компания "Востокцемремонт" ЖСШ-ның 8 жұмысшысы элеватордың силос мұнарасының төртінші қабатында кесу жұмыстарын жүргізіп жатқан. Кескен кезде мұнара түбіндегі бидай шаңы мен бидай қалдығы газ қалыптастырған. Салдарынан бункерде жарылыс орын алған" деп мәлімдеді Семей қаласы прокурорының орынбасары Марат Тұрабаев.

 

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай