24 қараша 2016 12:07

Шахтинск клубындағы жыныстық қатынастың видеосы желіде тарап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шахтинстегі түнгі клубтардың бірінің қонақтарының көзінше болған секс қала тұрғындарын таңғалдырды. Ұятсыз би әрекеті әлеуметтік желіде жарияланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шахтинстегі түнгі клубтардың бірінің қонақтарының көзінше болған секс қала тұрғындарын таңғалдырды. Ұятсыз би әрекеті әлеуметтік желіде жарияланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл видеоның кадрларында стриптиз билеушілердің жыныстық қатынасқа түскені көрінген. Бетперде киген жалаңаш қыздар түнгі клуб қонақтарын шешінуімен қоймай, жыныстық қатынаспен де еліктіретін көрінеді. Олар ортаға ерлердің бірін шығарып, шешіндіріп, жыныс мүшесін аймалайды. Ең сорақысы, бұл әрекеттері жасырын болмаған. Соған қарағанда, қонақтарға мұндай әрекет ұнаған болуы керек. Ұятсыз әрекетті келушілердің бірі видеоға түсіріп алып, желіге жүктеген. Осыдан кейін қала тұрғындары әлеуметтік желіде дабыл қаға бастады. 

Адамдардың айтуынша, мұндай әрекеттің жолын кесу керек. Себебі видеоны балалар көруі мүмкін. Сондай-ақ, олар түнгі клубты жабу керек деп есептейді.

Ал клуб әкімшілігі мұндай жағдайдың тұңғыш рет болып отырғанын айтып ақталды. Балалар клубқа кіргізілмейді екен. Ал видеоның Интернетте қайдан пайда болғанын өздері де біле алмай дал.

"Бұл тапсырыспен жасалған шоу-бағдарлама емес. Біз стриптиз болатынын үш апта бұрын хабарладық. Кәмелетке толмағандар клубта болған жоқ. Қыздар би билеп жатқан, қонақтар өздері би алаңына шығып алды, біз оларды шығарып тастауға құқымыз жоқ. Әрине, тәртіпті бақыладық. Бұл түнгі клуб! Біз енді стриптиз билейтіндерді шақырмаймыз, қонақтар мен қалалықтар бізді түсінбеді. Олар бірден қарсы болды, біз бұл наразылықты қабылдадық", - деді клуб әкімшілігіндегілер.

Ескерту! Видео 18+, эротикалық сипаты бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети