«Шешеме шал іздеймін! Анамның жасы биыл 43-ке келді. Осыдан үш жыл бұрын әкем жол апатына түсіп, өмірден озған еді. Көкемді (әкемді көке деймін) жоқтап, зар еңіреп артында біз қалдық. Бірақ, неге екенін білмеймін, бір күні күліп-ойнап көкем оралатын секілді. Анамды, мені, сіңілімді сағынып ұзақ бір сапарда жүр. Ол сөзсіз оралады. Ол сөзсіз мауқымды басады. Қауышамыз, онымен», – дейді «Алаш айнасына» жан сырын ақтара хат жолдаған Айгүл.

«Мен соңғы үш жыл бойы өзімді-өзім осылай алдап келдім. Десек те, тірі адам тіршілігін жасайды екен. Сол тіршілікті жалғастырып, сұрқай өмірді гүлдендіру үшін шешеме шал керек болып жүр.
Жо-жоқ, Сіз басқалай ойламаңыз. Шешем көкемді шын сүйді. Оның адал махаббатына дақ түсіретіндей ойы жоқ. Құдайдан біздің амандығымызды тілеп, жұмысын істеп шапқылап жүр. Осыдан бір жарым жыл бұрын мені той жасап ұзатты. Әкемнен айрылғаны «нешеуа» екен, мені өмірлік серігім әкеткен күні қалай жылағанын көрсеңіз. Сол кезде мен шешеме серік керегін түсіндім.
Қазір менің жасым 21-де. Жар бақытын сезініп, сәби сүйдім. Ер адамның әйел затына қаншалықты қажет екенін түйсіндім. Шынын айтайын, жолдасым бір аптаға іс-сапармен өзге қалаға кетсе, жапан түзде жалғыз қалғандай жабығамын. Жабығам да, анамның жайын ойлаймын. Менің жан-жарым бір аптадан кейін сөзсіз оралады. Ал, шешемнің сүйгені ше? О дүниеге, мәңгілік келмеске кетті ғой... Анам бұны ойламауы мүмкін емес.
«Қыз – жат жұрттық». Шынын айтайын, мен шешемнің жанында мәңгілік жүре алмаймын. Биыл 9-ға келген сіңілім де, бойжеткеннен кейін өзге шаңырақтың ошағына ие болып, кете барады. Анамның онан кейінгі өмірі не болмақ? Өзіңіз ойлаңызшы.
Жалғасын "Алаш айнасынан" оқыңыз.