12 желтоқсан 2016 16:05

ШҚО-да өмірге қауіпті трюк жасаған ер адам айыппұл арқалауы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан кадр Видеодан кадр

ШҚО-да өмірге қауіпті трюкті орындағандарға айыппұл салынуы мүмкін. Фокус көрсетуші Антон Росс жүріп келе жатқан көлікке байлаулы жатқан күйден босап шыққанын Желіге орналастырған. Құқық қорғаушылар бұл трюкте әкімшілік құқық бұзушылық барын айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


ШҚО-да өмірге қауіпті трюкті орындағандарға айыппұл салынуы мүмкін. Фокус көрсетуші Антон Росс жүріп келе жатқан көлікке байлаулы жатқан күйден босап шыққанын Желіге орналастырған. Құқық қорғаушылар бұл трюкте әкімшілік құқық бұзушылық барын айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қазақстанда белгілі фокусшы, иллюзионист және экстремал Антон Росс әлеуметтік жеілдегі өз парақшасына қауіпті нөмір түсірілген видеоны орналастырған. Ер адам қарлы жолдың үстінде сүйретіліп келе жатып, байлаулы жерінен босап шығады, оны осы сәтте көлік сүйреп келе жатады. Ол босап шыққанша мұзды тасжол үстінде сүйретіліп бара жатқан, ал оның іс-әрекетін оператор түсіріп отырған. 

"Мұндайды бала күнімде кинодан көрдім, есейген соң қайталағым келді. Көндіктіру жейдесінен босап шығу өте күрделі және қызықты трюк. Осының салдарынан арқамды ұрып алдым, бірақ, алған әсер де керемет. Қайталауға тырыспаңыздар. Мен кәсіби маманмын және мұндайға алдын ала дайындаламын", - деп пікірін білдірді Антон Росс.

Роликті көрген біраз адам өз пікірін қалдырып үлгерген. Тіпті, экстремалды қадрлар ішкі істер департаментінің өкілдерін де қызықтырған көрінеді. Құқық қорғау ведомствосында мұндай ойын-сауық - әкімшілік айыппұлға себеп деп есептейді.

"Біз қазір видеоны толығымен зерттеп жатырмыз. Мұндай сырғанақ - өмірге қауіпті, ер адам көлік тоқтаған кезде дөңгелек астына түсіп кетуі немесе қарсы бағыттағы көлікке соғылуы мүмкін еді. Қалай болғанда да, көлік жүргізушісіне қатысты "Жолаушылар тасымалы ережелерін сақтамау" дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалады. Жүргізушіге айыппұл салынуы мүмкін", - дейді ШҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Торғаев. 

Еске салайық, Антон Росс америкалық трюк жасаушы Гарри Гуддинидің биік жерге асылып тұрған күйде шынжырмен оралған жерінен босап шыққан атақты трюгін қайталағаннан кейін танымал бола бастады. Екі апта бұрын Росс үстіндегі киімін өртеп, қараусыз қалған көпқабатты үйдің төбесінен қар үйіндісіне секірген болатын. Мұны ол сырқаттанған қыз баланың еміне қаржы жинауға назар аударту үшін жасаған еді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети