1. Басты
  2. Біл
  3. Өмір
  4. Бір үзік

Шотландия аралында 50 жылда бірінші рет ұрлық жасалды18 маусым 2015, 10:20

Канна аралы. © topuzz.com Канна аралы. © topuzz.com

Шотландия аралында 50 жылда бірінші рет ұрлық жасалды, - деп хабарлайды "24.kz".

Еpochtimes.ru басылымының мәліметінше, Канна аралының жағалауында жарты ғасырда болмаған ұрлық жасалды. Белгісіз біреулер мұндағы дүкеннен тәттілер мен жүннен жасалған 6 шляпаны жымқырып кетіпті.

"Бір өкініштісі, шляпаның әрқайсысы қолдан жасалып, сатуға енді ғана қойылған. Тонаушылар дүкенге есікті ашып, кедергісіз кірген. Себебі оның иесі дүкен есігін ешқашан құлыптамайды. Арал тұрғындарының бір-біріне сенгендігі соншалық, тіпті мұнда жергілікті балықшылар емін-еркін кіретін болған. Олар ғаламтор желісін пайдаланып, дүкеннен керек-жарақтарын өз бетінше алып, тауардың ақшасын арнайы жәшікке салып кетіп отырған", - деп жазады басылым.

Айта кетейік, бұл аралда соңғы ширек ғасырда бірде бір рет ұрлық болмаған. Ал осыған дейін соңғы рет 60-жылдары ғана шіркеуден ағаш тәрелке ұрланыпты. Жалпы Канна аралы Ішкі Гебрид аралдарының архипелагында орналасқан. Мұнда барлығы 30 адам тұрады.

 

Елордада IT-кеңес құрылды