1. Басты
  2. Біл
  3. Өмір
  4. Бір үзік

Шоу-бизнес жұлдыздары саябаққа ағаш отырғызды

Әнші Иван Бреусов. Фото ©Айжан Түгелбаева Әнші Иван Бреусов. Фото ©Айжан Түгелбаева

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдыздары Алматыдағы Тұңғыш Президент саябағына ағаш отырғызды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

Әли Оқапов, Айқын, Иван Бреусов, Парвиз Назаров, Бүркіт, Жәмилә Серкебаева, Мұрат Мұтұрғанов сынды өнер жұлдыздары,  FM, "Дауыс International" және "All Давай" топтары Тұңғыш Президент саябағына тал екті. Сондай-ақ бұл акцияға БАҚ өкілдері де қатысты. 

Саябаққа жапырақты және қылқан жапырақты 20 түп ағаш отырғызылды. Көшеттерді табиғат ресурстары және табиғатты қолдану тәртібін реттеу басқармасы берген.  

"Біз үшін бұл шараны ұйымдастыру аса қиындық туғызған жоқ. Көшеттерді табиғат ресурстары және табиғатты қолдану тәртібін реттеу басқармасынан алдық, өнер жұлдыздарын да тегін шақырдық. Біздің басты мақсатымыз – әрқайсымыз өз қаламыз үшін жауапты екенімізді жастардың есіне салу. Біз шоу-бизнес жұлдыздарына хабарласып осы шараға шақырғанымызда ешқайсысы бас тартқан жоқ. Олар өздерінің барлық жоспарларын кейінге қалдырып, осы игілкті шараға қатысты. Сол үшінде эстрада жұлдыздарына алғысымыз шексіз", – деді жастар саясаты басқармасының басшысы Санжар Боқаев. 

Көптеген әртістер қалаларда ағаш отырғызу шараларына жиі қатысып тұрады. Олардың кейбірі тіпті тал егуге әбден машықтанып алған. Жұлдыздар бұл жолы өздері отырғызған көшеттерді ылғи келіп көріп, оған күтім жасап тұратындарын айтты. "Саябақта менің өз ағашым пайда болғанына қуаныштымын. Мен тіпті мына есімдеріміз жазылған тақтайшаны мәрмәрға ауыстыруға дайынмын. Мен өзім еккен ағашқа жиі келе алмасам да, достарымның келіп тұруын өтінемін", – деді әнші Айқын Төлепберген.