Швейцарияда ашық аспан астындағы "нөл жұлдызды" қонақүй ашылды

09 Тамыз 2018, 09:13
0
Швейцарияда ашық аспан астындағы "нөл жұлдызды" қонақүй ашылды -

Швейцарияның Тоггенбург округінде шатыры мен қабырғасы жоқ қонақ үй ашылды. Мұндай ерекше қонақүйдің бір түніне 103 мың теңге төлейсіз, - деп хабарлайды Design Boom.

Ашық аспан астында жататын бұл өзгеше қонақүйде әзірше тек үш бөлме бар. Қонақтардың бөлмесіне кофе шынысы, таңғы ас, алкогольсіз сусындар мен ауа райы өзгерген кезде жағдай жасап беретін қызметтер көрсетіледі. 

Жауын-шашын мен найзағай кезінде тұтынушылар қонақүйден алыс емес тамда түней алады. Қонақүй ашылған кезден бастап көптеген адамның қызығушылығын тудырып, шет жақтардан адамдар ағылып келіп жатыр. Мұндай ерекше қонақүйде түнеу үшін алдын ала жазылу керек екен. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай