Шымкентте тауып алған 2 миллион теңгені иесіне қайтарған адамға 200 мың теңге сыйақы берілді

24 Сәуір 2017, 16:29
0
Шымкентте тауып алған 2 миллион теңгені иесіне қайтарған адамға 200 мың теңге сыйақы берілді -

Шымкентте тауып алған 2 миллион теңгені иесіне қайтарған адамға сыйақы берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ол өзі жұмыс істейтін фирманың басшылығынан сыйақы алған. Бүгін компанияның кеңсесінде Қуаныш Нақыпбаековке барлық әріптесі қошемет көрсетіп, құттықтады. Оған компания 200 мың теңге көлемінде сыйақы бергені анықталды.

"Қызметкеріміздің осындай іс жасағанын естігенімде қуандым. Сондықтан Қуаныш ағаға сыйлық жасағымыз келді. Оның адамгершілігіне күмән келтірген емеспіз. Ол қойма меңгеруші ретінде адал жұмыс істейді. Ал осы оқиға арқылы ол бүкіл Қазақстанға үлгі болды", - дейді құрылыс компаниясының директоры Алтай Айнабек. 

Ал 47 жастағы кейіпкеріміз өзіне осыншалықты назар ауғанына қысылып жүр екен. Интернетте атақты болып кетемін деп те ойламаған екен. Тауып алған ақшаны ол иемдену туралы ойының да болмағанын айтады.  

Шымкентте құрылысшы тауып алған 2 миллион теңгені иесіне қайтарып берген еді. Бұл туралы Алтай Айнабек Facebook желісіндегі парақшасында жазған болатын.

Оның айтуынша, оқиға кеше, 21 сәуірде болған. "Кеше кешке, жұмыс уақытынан кейін, біздің компанияның Сайрам мөлтек ауданындағы тұрғын-үй құрылысынан кештетіп жұмыстан қайтып бара жатып, компаниямыздың қойма меңгерушісі Қуаныш Нақыпбеков, жолдан бір барсетка тауып алды. Барсетканы ашса, ішінде 2 миллиондай теңге, төлқұжаттар, ұсақ-түйек нәрселер бар екен. Бірден егелерін іздестіре бастаған Қуаныш, қасындағы дүкендерге барады, табылған төлқұжаттар арқылы жоғалтқан адамдарды іздестіре бастап, ақыры табады. Ақшаны, төлқұжаттарды, барлық ұсақ-түйегімен егелеріне табыстапты", - деп әңгімеледі ол.

Сонымен қатар, ол бұл жаңалықты естіген соң қатты қуанғанын айтты. "Шынымды айтсам осындай адал, иманды, мықты жігіттермен бірге жұмыс істейтініме қатты ризы болдым. Респект! "Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын, дегендей, меніңше, Қуаныш Нақыпбеков осы күннің нағыз қаһарманы, ел тануға әбден лайықты, келісесіздер ме?", - деп жазды Алтай Айнабек.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай