Скейтбордшы журналисті басынан теуіп кетті

22 Қараша 2014, 11:11
1
Скейтбордшы журналисті басынан теуіп кетті - Youtube.com сайтындағы видеоның скриншоты.
Youtube.com сайтындағы видеоның скриншоты.

Америкада скейтбордшы телехабар түсірілімі кезінде абайсызда журналист Майк Аморды басынан соғып кетті, - деп хабарлайды The Daily Mail.  

Журналист Лос-Анджелес жағажайларының бірінде аты аңызға айналған скейтбордшы Тони Хоук туралы бағдарлама түсіріп жатқан. Стендап жазу кезінде Амор спортшылар өнер көрсетіп жатқан рампаға арқасын беріп тұрды.

Журналист студиямен байланысқа шығып сөйлеп жатты: "Сіздің скептицизміңіз түсінікті, мыңдаған спортшы..." Осы сәтте жүйткіп келген скейтбордшылардың бірі тақтайымен Аморды көкжелкесінен соғып өтті. Журналист соққыдан бүктетіліп қалса да, жағдайының жақсы екенін айтып бақты. Скейтбордшы өзінің абайсызда болған әрекеті үшін кешірім сұрады. Басылымның хабарлауынша, Амордың басында томпақ ісік пайда болған. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай