01 қыркүйек 2018 09:27

Сочиде жолақтан шығып кеткен ұшақ өртенді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Сочиде жолақтан шығып кеткен ұшақ өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап. 


Сочиде жолақтан шығып кеткен ұшақ өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап. 

Ұшақтың қанаты қоршауға тиіп, өрт шыққан. ТЖМ Краснодар өңірлік МБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, жолаушылар мен экипаж мүшелері қауіпсіз жерге көшірілген.

Бортта 166 жолаушы мен экипаж мүшелері болған. Оқиға болған жерге жедел қызметтің барлық түрі жұмылдырылды. Өрт 03.25-те ауыздықталып, сағат 04.30-да толық сөндірілген.

"Алдын ала мәлімет бойынша, төрт адам дәрігерлердің көмегіне жүгініп, ауруханаға жатудан бас тартқан", - деді өңірлік ТЖМ өкілдері.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети