15 сәуір 2014 20:22

Соғыс ардагері адам терісінен жасалған әмиянды мұражайға тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Адам терісінен жасалған әмиян. Фото СТВ Адам терісінен жасалған әмиян. Фото СТВ

Адам шошырлық бұл сыйлық Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қарауына тапсырылған, - деп хабарлайды "СТВ" арнасының тілшісі.


Адам шошырлық бұл сыйлық Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қарауына тапсырылған, - деп хабарлайды "СТВ" арнасының тілшісі.

Әмиян толықтай адам терісінен жасалынған, мұражай қызметкерлеріне мұндай таң қалдырар жәдігерді соғыс ардагері әкеп тапсырған. Ақсақал мұны Ұлы Отан соғысы кезіндегі шайқастардың бірінде олжалағанын айтып отыр. Оның айтуынша, бұл әмиян тұтқынға түскен фашисттен тартып алынған. Неміс оған бұл әмиян соғыста тұтқынға алынған адам терісінен жасалғанын айтқан екен. Тігінен ашылатын әмиянның ені – 10 см, ал ұзындығы – 15 см. Әмиянның Іші төрт бөліктен тұрады. Бір бетінде қалташа бөліктерді бекітетін арнайы белдігі де бар. Мұражай қызметкерлері мұндай жәдігерді бірінші рет көріп отырғандарын айтады.

"Ұлы Отан соғысының ардагері бұл әмиянды мұражайға әкеп тапсырды. Әмиянды апробациялау, яғни шын мәнінде ол адам терісінен жасалды ма, жоқ па, ол жағы анықталған жоқ. Бірақ ардагердің сөзіне сенетін болсақ, ол адам терісінен жасалынған. Фашистер құрған концлагерлерде мыңдаған тұтқын отырды. Әмиян солардың терісінен тігілген болуы мүмкін деген болжам бар",- деп түсініктеме берді Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайы тарих бөлімінің меңгерушісі Нұрболат Қалағанов.

Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, олар әмиянға қатысты сөзді ең бірінші 1995 жылы Жеңістің 50 жылдығы қарсаңында мұражайда өткен көрмеге келген соғыс ардагерінен естіген. Алайда оған соншалықты мән бермеген. Өйткені ардагер оны тек 10 жылдан кейін беретінін айтқан.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети