Студент Универсиаданың пәтер тігілген ұтыс ойындарына шағымданды

16 Ақпан 2017, 15:38
0
Студент Универсиаданың пәтер тігілген ұтыс ойындарына шағымданды - Аблимит Имиттің билеті
Аблимит Имиттің билеті

21 жастағы студент Аблимит Имит Универсиада билеттерін ойнату қорытындысына шағымданды. Билеттер бойынша супер жүлдеге пәтер тігілген болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

15 ақпанда "Алматы" арнасында Универсиада билеттерін сақтап қалғандар арасында екі бөлмелі пәтер ойнатылды. Сонымен бірге, тұрмыстық техника, смартфондар, түрлі сертификаттар және Саппоро қаласындағы Азия ойындарына 2 жолдама ойнатылды. Жеңімпаздар билеттердің сериялық нөмірі арқылы таңдалды. Аблимит Имит бағалы сыйлықтардың қалай ойнатылып жатқанын тікелей эфирден тамашалап отырған.

"Супер жүлдені ойнату кезінде алғашқы екі сан 98 болды, сосын бірнеше сан сәйкес келмеді. Ол сандарды алып тастады, кейін 4 саны шықты, олар мұндай санның жоғын айтып, ұтысты жалғастырды. Ал менің билетімде үшінші сан 4 болатын. Мұны маған пәтерді берсін деп емес, ұйымдастырушылардың ойланып, келесіде бұлай істемеуі үшін айтып отырмын. Халықты да алдамасын, ешқандай конкурс өткізбей жасай берсін, өтірік уәде берудің қажеті жоқ", - дейді Аблимит Имит.

Студенттің айтуынша, ол билетті "Халық Арена" кассасынан 31 қаңтарда хоккей ойынына алған. Оның ойынша, ұйымдастырушылар оны пәтер мен өзге де бағалы сыйлықтар ұтысына қатысу мүмкіндігінен айырған.

"Неге осылай жасағанын түсіндіруін қалаймын. Тым болмаса кешірім сұрасын. Билетте жалпы тоғыз сан бар. Мен ештеңе ұтпай да қалуым мүмкін еді. Бірақ үшінші санға келгенде мені ойынға қатысу мүмкіндігінен айырды. Мен хоккейден үш матчқа бардым. Әкем менен де көп барды. Біз турникет арқылы өттік. Билетті еріктілердің өздері турникетке басып өткізген. Жалған болса, бізді өткізбес еді", - дейді студент.

Универсиада-2017 билеттеу департаментінің жетекшісі Вадим Дергачев мәлімет базасында мұндай билеттің жоғын айтады.

"Қалай болғанын анықтап жатырмыз. Біздің базада тіркелмеген билеттердің болуы мүмкін емес. Сосын ұтысқа қатысу үшін билет сатып алып қана қоймай, жарысқа бару керек деп айтқанбыз. Мүмкін бұл кісі жарысқа бармаған, сол себепті билеттің турникеттен өткені тіркелмеген. Ал егер барса, турникеттен өткен кезде билетті тіркемеген. Алғашқы күндері адамдар бей-берекет өтіп кеткен кездер де болды. Қалай болса да онымен жолығып, мәселені анықтау керек. Біз қазір ол турникеттен өтті деп нақты айта алмаймыз", - деп түсіндірді Вадим Дергачев.

Универсиада ұйымдастырушылары билет иесімен кездесу туралы келісіп қойғанын айта кетейік. Сонымен бірге, ұтыс шыққан нөмірлер тізімі жарияланып қойған. Ол тізімді мына жерден көре аласыз.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай