07 ақпан 2017 15:40

Тағы бір қазақстандық Қытайдағы шоуға қатысып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ғалымжан Әуесбай Ғалымжан Әуесбай

Алматылық Ғалымжан Әуесбай Қытайдағы таланттар шоуына қатысып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 21 жастағы акробат шоудың екі кезеңінен өтіп, енді үшінші кезеңіне дайындалып жатыр. Айта кетейік, Reality Show Talent шоуының жеңімпазы төрт кезеңнен кейін анықталады.


Алматылық Ғалымжан Әуесбай Қытайдағы таланттар шоуына қатысып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 21 жастағы акробат шоудың екі кезеңінен өтіп, енді үшінші кезеңіне дайындалып жатыр. Айта кетейік, Reality Show Talent шоуының жеңімпазы төрт кезеңнен кейін анықталады.

Ғалымжан Әуесбай Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазір Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының театр факультетінің 3-курс студенті. Әуесбайдың айтуынша, ол жоғары оқу орнына түскен соң ғана акробатикамен айналыса бастаған.

"YouTube хостингінен түрлі видеоларды көріп, арнайы әдебиеттерді оқып, өз бетімше дайындалатынмын. Қытайдағы байқау туралы танысымнан естідім. Ол маған сонда қатысуға ұсыныс айтты. Содан мен байқау ұйымдастырушыларына өзім жайлы мәліметтерді және трюктерімнің видеоларын жібердім. Біраз уақыт өткен соң олар мені байқауға қатысуға шақырды", - деді Ғалымжан Әуесбай.

Айта кетейік, байқаудың бірінші кезеңі былтыр қыркүйек айында Үрімші қаласында өткен. Сол кезде Ғалымжан қазылар алқасына бес орындықтың көмегімен сиқыр көрсеткен. Содан қазылар алқасынан төрт адам "иә" деген соң, Ғалымжан қараша айында байқаудың екінші кезеңіне қатысқан. Бұл жолы ол он бір орындықтың көмегімен сиқыр көрсеткен.

"Байқаудың үшінші кезеңі ақпан айының ортасында өтеді. Шыныдан жасалған төрт бөтелкенің үстіне төрт орындықты қойып, содан тағы төрт бөтелке мен тағы төрт орындықты қойып, сиқыр көрсеткім келеді", - деді Әуесбай.

Айта кетейік, Reality Show Talent байқауының жүлде қоры - 70 мың теңге. 1-орын алған талант 25 мың доллар алса, 2-орын алған талант 20 мың доллар алады. Ал  үшінші және төртінші орын алғандар 15 мың және 10 мың доллар көлемінде сыйақы алады. Ғалымжанның айтуынша, байқауға одан басқа тағы екі қазақстандық қатысып жатыр.

Еске сала кетейік, қазақстандық Димаш Құдайберген де Қытайда өтіп жатқан I am a Singer жобасына қатысып жатыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети