03 наурыз 2016 09:21

Талдықорғанда пранкерлер такси жолаушыларын шошытты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Youtube/KzPrank © Youtube/KzPrank

Талдықорғанда KzPrank жобасының пранкерлері такси қызметімен бірлесіп, жолаушыларды шошытты. Алдаудың видеожазбасын авторлар YouTube желісіндегі арнасына жүктеді.


Талдықорғанда KzPrank жобасының пранкерлері такси қызметімен бірлесіп, жолаушыларды шошытты. Алдаудың видеожазбасын авторлар YouTube желісіндегі арнасына жүктеді.

Жолаушылар тапсырыс беріп, кейін автомобильге отырады, ал көліктің жүксалғышында адам жатады. Жүргізуші жол бойында кейбір адамдардың қу екенін және такси қызметіне жол ақысын төлегісі келмейтінін айтып отырады. Осы сәтте жүксалғыштан адамның "көмектесіңдер" деген даусы шығады. Жолаушылардың шошып, "Ол жақта кім бар?" деген сұрағына жүргізуші алаңдамауын сұрап, бей-жай отыра береді. 

Жолаушылардың басым бөлігі дереу көлікті тоқтатып, жүксалғышты ашуды талап етеді. Осы мезетте жүргізуші есіктерді құлыптап тастап, жүксалғышта жатқан адамды ұрып-соғып жатқандай болады. Жолаушылар болса дереу қашып кетуге немесе полицияға хабарлауға әрекеттенеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети