Таразда өз сезімін білдіргісі келген жігіт қызын шошытып алды

12 Наурыз 2015, 08:34
2
Таразда өз сезімін білдіргісі келген жігіт қызын шошытып алды - ©Youtube.com
©Youtube.com

Тараз қаласында сезімін білдіріп, үйленуге ұсынысын ерекше жасағысы келген жігіт қызын шошытып алды. Оқиғаның видеосы YouTube ресурсында таяуда жарияланды. Бұл жағдай 14 ақпанда болған. Бірақ Желіге ол енді ғана шығып отыр. 

Жігіттің достары келісіп алғаннан кейін әскери киім киіп, бірнеше қыз отырған көлікті тоқтатуы тиіс болады. Оқиға қала сыртындағы күре жолда болады. Жалған полицейлер жүргізушіні тоқтатып, көліктен сүйреп шығарады да, жолаушы қыздарды ұстайды. Бұдан кейін тәртіп сақшылары автокөліктен есірткі тауып алғандай көрініс жасайды. Куәгерлердің көзінше қамауға алу хаттамасы толтырылады.

Қыздардың қатты шошып қалуына қарағанда, олар бұл жағдайға шын мәнінде сеніп қалғанын көруге болады. Тінту барысында қыздардың бірі жанжал шығарады.

 Бір уақытта кісенделген жігіт тәртіп сақшыларының бұйрығымен бір қызға құжатты оқып беруі тиіс болады. Ол өз кезегінде қызға үйлену туралы ұсынысын айтады. Қорқынышын әрең басқан қыз оған келісім береді. Кейін бойжеткен жүрегінің тоқтап қала жаздағанын мойындады. 

Айта кетейік, осыған ұқсас жағдай өткен жылы Алматыда да болған еді. Бірақ ол кезде сезімін білдіргісі келген жігіт тәртіп сақшысының ролінде ойнаған болатын.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай