22 сәуір 2018 12:09

Тәтішевтің жесірі оның туған күніне жүрек тебірентерлік арнау жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ержан Тәтішев. © voxpopuli.kz Ержан Тәтішев. © voxpopuli.kz

Банкир Ержан Тәтішевтің жесірі Анар Айтжанова марқұм жолдасының туған күніне арнап Instagram желісінде пост жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz


Банкир Ержан Тәтішевтің жесірі Анар Айтжанова марқұм жолдасының туған күніне арнап Instagram желісінде пост жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

Банкир Ержан Тәтішев тірі болғанда бүгін 51 жасқа толар еді.

"Мне снится долгий, долгий сон... Мелькает в памяти, что было, Напоминает часто он, 
Как в жизни все происходило. 
Я помню ясные глаза, Лицо и руки не забуду. 
И силу, что из тела шла, 
Ее ты отдавал всем людям. 
Портрет остался от тебя На нем живое отраженье. Я помню, как любил меня. Я помню каждое мгновенье. 
Мне снится долгий, долгий сон... 
Ты в нем ко мне всегда приходишь. Расспрашиваешь обо всем, 
Про жизнь свою рассказ заводишь. 
Года сменяют быстро годы. 
В моей ты памяти живешь. Тебя всегда я буду помнить. 
И от меня ты не уйдешь. мне было мало очень лет, Когда судьба тебя забрала. свалилось сразу много бед, 
Но память о тебе осталась. 
Она тебя во мне хранит. 
А значит ты со мною рядом. 
Портрет твой со стены глядит, доверчивым влюбленным взглядом

С днем рождения Ержик" , - деп жазды Анар.

© Instagram/Анар Айтжанова.

Еске сала кетейік, банкир Ержан Тәтішев 2004 жылы 19 желтоқсанда Отар станциясының маңында аңшылық кезінде қайтыс болды. Toyota Land Cruiser рулінде отырған ол кең далаға аң аулау үшін шыққан. Жыртқыштарды қуып жеткен Тәтішев 12 калибрлі қаруын жанында отырған Мұратхан Тоқмәдиге берген. Сарапшылардың айтуынша, көлік ойламаған жерден дөңеске шығып, қару өздігінен атылып кеткен. Оқ банкирдің басына тиіп, сол жақ көзін тесіп өткен. Ол кезде бұл жағдай "жазатайым оқиға" деп аталды.

2018 жылы наурызда "Банк Тұран Әлем" АҚ басқарма төрағасы Ержан Тәтішевті өлтіргені үшін Мұратхан Тоқмәдиге қатысты сот үкімі шықты. Ол банкирді өлтіргенін мойындаған еді. Тоқмәди 10 жыл және алты айға сотталды және жазасын қауіпсіздігі ең жоғары мекемеде өтейтін болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети