20 наурыз 2014 16:17

Техникалық университет Наурыз мерекесін атап өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Наурыз мейрамынан көрініс. Фото ҚазҰТУ Наурыз мейрамынан көрініс. Фото ҚазҰТУ

Бүгін қасиетті Наурыз мерекесін Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ ерекше сән-салтанатпен атап өтті, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Мерекелік шара бас оқу ғимаратының алдындағы алаңда басталды. Салтанатты мерекеге университет ректоры, проректорлар, институт директорлары, департамент директорлары, оқытушы-профессорлар және студенттер қатысты. Бұл шараны ұйымдастырушылар – университеттің Тәрбие жұмысы департаменті мен Ө.Байқоңыров атындағы Тау-кен металлургия институты. 80 жылдық тарихы бар техникалық университеттегі аталмыш мерекені мың бұралған бишілер "80" санын жаза отырып ашты. Мерекелік думан әуелеген әнмен әрленіп, бимен жалғасып, ежелгі дәстүріміз – аластату рәсімін ақ кимешекті әжелеріміз жасады. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Б.Сәмединова әннен шашу шашып, өзге ұлт өкілдері өз тілінде тілек айтып, "Ақан сері – Ақтоқты" қойылымынан үзінділер қойылды. Жексенбек Әділов, ҚазҰТУ ректоры: - Жер-дүние жанданған шуақты көктеммен бірге елімізге, жерімізге нұрын шашып, қасиетті Наурыз мейрамы келді. Бұл мейрамды исі мұсылман халқы қуанышпен қарсы алып, дастарқан жайып, бірін-бірі құшақтаса құттықтап қарсы алады. Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі баршаңызға амандық, татулық пен жылулық, береке-байлық әкелсін! Елімізде тыныштық заман болсын дейміз.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети