29 қаңтар 2015 00:22

Теміртау студенттері арзан әрі сапалы мүшеқаптарды қолданатын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©commons.wikimedia.org ©commons.wikimedia.org

Теміртаудағы политехникалық колледждің жатақханасына мүшеқап сататын аппарат орнатылды. Жергілікті ЖҚТБ (СПИД) орталығы осылайша жастарды жыныс жолымен жұғатын аурулардан қорғауды көздейді, - деп хабарлайды КТК


Теміртаудағы политехникалық колледждің жатақханасына мүшеқап сататын аппарат орнатылды. Жергілікті ЖҚТБ (СПИД) орталығы осылайша жастарды жыныс жолымен жұғатын аурулардан қорғауды көздейді, - деп хабарлайды КТК

Теміртау қаласында өткен жылы 168 адам АҚТҚ инфекциясын жұқтырған. Оның 67 пайызының ауру жұқтыруына жыныстық қатынастарда сақтанбауы себеп болған. Инфекция жапсырып алғандардың дені - 15 пен 25 аралығындағы жастар. Сол себепті ЖҚТБ мүшеқаптар алуға болатын аппараттарды алғаш болып студенттер жатақханасына орнатуды ұйғарған.

"Кондомат" аталатын аппаратқа сапасы жоғары, құны арзан мүшеқаптар толтырылған. Қарағанды облыстық ЖҚТБ орталығының жетекшісі Бейбіт Сағынтаевтың айтуынша, 200 теңгеге үш резеңкені алуға болады. "Ауру ушығып тұрғандықтан мұндай кондоматтарды біз көшедегі аялдамаларға да қоятын боп жатырмыз", - дейді ол. "Бүгін бізге осындай аппарат қойып берді. Біз қалада тұңғыш болып иеленгенімізге қуаныштымыз. Мұндай аппараттар қажет деп ойлаймын, енді біздің жастарымыз бұл аппаратты қолданатын болады", - дейді Теміртау политехникалық колледжі директорының орынбасары Зәуре Мүсәлімова. Айта кетейік, Теміртау - кеңес заманынан бері ЖҚТБ мен АҚТҚ көп тіркелетін қала.

Алдағы уақытта кондоматтар бүкіл Қарағанды облысы бойынша оқу орындарының жатақханалары мен түнгі клубтарына орнатылады. Аппараттардан түскен қаражат олардың жаңасын алуға жұмсалады. ЖҚТБ орталығы бірнеше жылдан бері жергілікті билікке осындай автоматтарды бюджет қаражатына сатып алу керектігін ұсынып келеді.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети