27 желтоқсан 2016 12:39

Төбет екі күн бойы теміржол үстінде жаралы ұрғашысын қорғап жүрген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© facebook.com/den.podolchak © facebook.com/den.podolchak

TengriMIX адалдығымен жұртты таңғалдырған ит туралы бір тамаша оқиғаны ұсынып отыр. 


TengriMIX адалдығымен жұртты таңғалдырған ит туралы бір тамаша оқиғаны ұсынып отыр. 

Украинаның Ужгород қаласының маңындағы теміржолда ит екі күн бойына жаралы ұрғашысына қамқор болып жатқан: ол пойыздардың өтіп жатқанына қарамастан, теміржолдың үстінде жатқан. Бұл туралы жергілікті тұрғын Денис Малафеев өзінің Facebook-тегі парақшасында баяндап берді. 

Оның айтуынша, 26 желтоқсанда достары оған Цегловка ауылы маңында екі күн бойына қос ит темір жол үстінде жатқанын айтқан. Сол орынға барған ер адам иттердің бірінің ауыр жарақат алып, қозғалуға мұршасы келмейтіндігін көреді.

"Осы кезде келе жатқан пойызды көріп, жүрегім ауырып кетті. Машинистің берген дабылын ести сала еркек төбет ұрғашысының жанына келіп, бірге жатып алды. Пойыз жақындағында иттер бастарын жерге тақады. Ол ұрғашысын екі күн бойы жылытып отырған және әрдайым өзін қауіпке салды! Мен мұның қалай атарымды білмеймін - түйсік, махаббат, достық, адалдық? Білетінім барлық адамның қолынан мұндай келе бермейді", - деп жазыпты Малафеев.

Сонымен қатар, иттерге көмек беру үшін жақындаған кезде иттің ырылдап, үріп, бейтаныс адамдардан ұрғашысын қорғамақ болғанын айтады. Дегенмен, иттерді көлікке салып, жылытып, жақын жердегі мал дәрігерлік ауруханаға жеткізді. Бірнеше сағаттан кейін иттерді иесі алып кетті. Қазір олар қауіпсіз жерде. 

Фото мен видео: Денис Малафеев

Материалды дайындаған Нұрлыайым Нұрсайын

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети